Құрметті Зеленов ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Зеленов ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Зеленов ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Зеленов ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Зеленов ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Зеленов ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы  

 

Жаңалықтар


 

Ақбидай аяқталды

16.08.2017

Ақбидай аяқталды

5 күн бойына спортсүйер қауымның назарын өзіне аударған облыстық «Ақбидай» ауыл спорты ойындары мәреге жетті. Өңіріміздің барлық аудандарынан келген спортшылар бәсекесінің жабылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асия Аманбаева мен Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров арнайы қатысты.

Толығырақ...


«Ақ бидай» аламанмен басталды

11.08.2017

«Ақ бидай» аламанмен басталды

Ауыл спортының дүбірлі додасы «Ақ бидай» облыстық VI ауыл спорты ойындары биыл Зеленов ауданында жалауын желбіретті. Төрт жылда бір өтетін спорт бәсекесі тек ауыл спортшыларының қатысуымен ерекшеленеді.

Толығырақ...


«Егіс даласы-2017» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды

10.08.2017

«Егіс даласы-2017» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы  мен «БайерҚаз» және «Авангард» ЖШС бірігіп, «Егіс даласы-2017» бағдарламасы аясында семинар ұйымдастырды.

Толығырақ...


Әкімдерге ерекше міндет жүктеледі

10.08.2017

Әкімдерге ерекше міндет жүктеледі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Зеленов ауданының 15 ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. 

Толығырақ...


Хабарландыру

08.08.2017

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...